СКРИНИНГ
Денсаулық сақтау Министрлігі ұсынады: Өз денсаулығыңызды күтіңіз – скринингтен өтіңіз!

Қосымша 2           2023 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21 қазандағы қаулысына сәйкес таңбалануға жататын тауарлар тізіміне өзгеріс енгізілді, осы
19-04-2024 09:04
   Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметіне, хирургиялық бөлімшесінің науқасынан, хирург-дәрігерлері Тұрарбеков Асқар Маратұлы және Қизатов Айдос Талапұлына алғыс хаттар кел
17-08-2023 17:45
 Денсаулық - бұл аурудың немесе мүгедектіктің болмауы ғана емес, толық физикалық, психикалық және әлеуметтік салауаттылық жағдайы. Салауатты өмір салты – аурудың алдын алу және денсаулықты нығай
17-08-2023 17:41
Қазақстандықтарға DariKZ мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасы қолжетімді болды. Енді жаңаша жолға қойылған қызмет пайдаланушыларға дәрілік заттардың жағымсыз реакциялары жөнінде дербес мәлімдеу м
17-08-2023 17:29
Құрметті ата-аналар! 2023 жылдың жазғы кезеңі келді және көптеген ата-аналар ашық терезе нәресте үшін өлімге әкелетінін ұмытып кетеді.Жыл сайын биіктіктен құлағаннан көптеген балалар өледі. Сақ болың
17-08-2023 17:13
Дәл қазіргі уақытта Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері Марат Сәрсекұлы Мұратбеков Ресей Федерациясында В.А. Алмазов атындағы жетекші көпсалалы ғылыми-клиникалық
13-08-2023 13:28

Бөлімше хирургиялық және терапиялық бөлімшелердегі науқастардын жанын сақтау қызметтерін білікті және жоғары кәсіби деңгейде қамтамасыз етеді. Бөлімшенің жұмысы барысында ең заманалы және жоғары технологиялық тәсілдер қолданылады. Сонымен бірге кез келген шұғыл жағдайда диагноз қою, емдеу тәсілі мен оның тиімділігін анықтау үшін функционалдық-диагностикалыққұралдардың барлық арсеналы қолданылады. Мамандар ең жақсы жабдықтармен жұмыс жасайды. Бөлімшеде 4 тәжірибелі дәрігер мен медбикелер қызмет атқарады.

Жансақтау бөлімшесінде кезек күттірмейтін аурулармен түскен науқастарға кәсіби қарқынды терапиялық көмек көрсетіледі: 

  • Жүрек-қан тамырлары жүйесі (тұрақсыз стенокардия; миокардтың жіті инфаркты; жүрек ырғағы мен өткізгіштігініңқауіп төндіретін пароксизмалды бұзылуы).
  • жүректің асқынған ишемиялық ауруы; асқынған гипертониялық криз;
  • орталық жүйке жүйесі (ми қанайналымының жіті бұзылуы);
  • хирургиядағы кезек күттірмейтін жағдайлар (кардиохирургия, нейрохирургия, урология, гинекология, онкология және т.б.);
  • терапиялық бағыттағы аурулар.

Науқастар жағдайы бір қалыпты болғанша ем алады, одан кейін олар аурухананың профильді бөлімшелеріне ауыстырылады. АРИТБ бөлімшесіне түскен барлық науқастардыңөмірлік маңызға ие ағза мүшелеріне жүрек қызметінің жиілігі мен ырғағын бақылайтын көпфункциялы кардиомонитормен бейне бақылау, мониторлау жүргізіледі, АҚ, тыныс алу жиілігі, гемоглобиннің оттегімен қанығуына және дене температурасына тренділік талдау жасалады.

Реанимация бөлімшесі қәзіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етілген:

  • жіті тыныс алу немесе жүрек кемістігінің орын алуы кезінде қажет болатын эксперт класты жаңа тыныс алу аппаратурасы;
  • жаңа кардиомониторлар;
  • көпфункциялы төсек-орындар;

Бөлімшеде шұғыл зертхана жұмыс жасайды. Мұның барлығы емдік, диагностикалық және жансақтау іс-шараларының сапасын арттыруға, науқастардың ауруларының асқынуларын уақытында болжауға және анықтауға мүмкіндік береді.