Бөлімшеде 25 төсек-орын бар (неврологиялық 5 - орын, 1 - орын  қалпына келтіру).терапия

Біздің клиникада түрлі патологиялық жағдайларды емдеу тәжірибесі жинақталған.

  • Гипертониялық аурулардың барлық нұсқалары, симптоматикалық гипертензия.
  • Жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия;
  • Миокард инфаркті және инфарктен кейінгі емдеу.
  • Миокардиттер, миокард дистрофиясы сияқты дистрофиялық және іріңдеу аурулары.
  • Нейроциркуляторлық дистония.
  • Жедел қанайналым жетіспеушілігі.
  • Ревматикалық аурулар.
  • Өкпе және өкпеқап аурулары (созылмалы бронхиттер, бронхиалды демікпе, пневмония және т.б.).
  • Аллергиялық аурулар (аллергиялық дерматиттерде, бронхиалды демікпеде және т.б.).
  • Эндокринді жүйе аурулары (қант сусамыры), қалқанша без ауруларында
  • Асқазаң-ішек ауруларында
  • Дәнекер тіннің жүйелік аурулары мен васкулиттерде (жүйелік қызыл жегі, ревматоидты артритте және т.б.).

Диагностика жасау мақсатында рентгенография, ультрадыбыстық тәсілдер, эндоскопиялық әдістер кеңінен қолданылады. Науқастарға толығымен зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Медициналық емдеуден басқа физиотерапия, уқалау тәсілдері де кеңінен қолданылады. Бөлімшеде бір,-екі-, төрт кісілік палаталар бар. Сонымен бірге санитарлық торабы, душ кабинасы, теледидары, тоңазытқышы жабдықталған палаталар бар.

Бөлімшеде:

  • Қозғалыс, сөйлеу және координаторлық бұзылулармен (ауру басталған соң 5-14 күннен соң) бірге жүретін инсульт (ми қанайналымының жіті бұзылуы);
  • Қозғалыс және координаторлық бұзылулармен қатар жүретін дисциркуляторлық энцфалопатия;
  • Нейроинфекция және бассүйек-ми жарақатының салдары;
  • Омыртқаның түрлі бөліктерінің остеохондрозы және олардын асқынулары:
  • Үштік, бет, білек, шынтақ және өзге де түрлі невро жүйке невропатиясы (травматикалық, ишемиялық, жұқпалы, айырбас);

Неврологиялық аурулары бар науқастарға диагностика жасау, емдеу, оңалту жұмыстары жүргізіледі.

Телефон: 8 (72772) 4-70-08