УЗИКез-келген ауруды емдеу барысында дәл диагноз  жасау өте маңызды, өйткені диагностикалық зерттеу  нәтижелері негізінде дәрігер емдеудің, аурудың  алдын алудың және оңалтудың ең тиімді  схемасын құрастырады. Ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ) – бұл - пациентттен  күрделі дайындықты, көп уақытты талап  етпейтін, зиянсыз диагностикалық әдіс. Ультрадыбыстық техниканың дамуына байланысты органдардың құрылымын ғана анықтауға мұмкіндік беріп қана қоймай, қанның айналымын бағалауға да, сол арқылы кемістіктің бар немесе жоқ екені жөнінде зор сеніммен пайымдауға көмектесетін аппараттар жасалды.

ШЖҚ МКК «Қапшағай қалалық емхана» ультрадыбыстық диагностика кабинеті  «SonoScape» жоғары сыныпта  шығарылған зерттеулердің барлық түрлерін жүргізуге мүмкіндік  беретін ең соңғы үлгідегі аппаратпен жабдықталған:

  • құрсақ қуысы органдарын;  
  •  қалқанша және сүт бездерін;
  •   плевралық қуыстарды;
  •  акушерлікте және гинекологияда;
  •  урологияда және т.б.