физиотерапияФизиологиялық терапия бөлімі ШЖҚ  «Қапшагай қалалық ауруханасы» емхананың құрамына кіреді. Физиологиялық терапия бөлімінде пелоидті емдеу (озокерит, парафин) жасайды.Сонымен қатар сәулемен емдеу, жоғары және төмен жиілікті  тоқтар, массаж кабинеттері де бар.  Бөлімше 8.00 ден -15.00 дейін жұмыс істейді. Физиологиялық емдеудің барлық түрлері (электр, сәулемен емдеу, ингаляциялық терапия, ультрадыбыс терапиясы) қарастырылған.

Физиологиялық емдеу –жүрек-тамыр  жүйесіне оң ықпал етеді; миокард метаболизм мен жүрекке қан апаратын қан тамырларының  айналымын  жақсартады, миокардтың биоэлектрлік белсенділігі мен оттегін тұтынуды қалыпқа келтіреді, микроқан айналымы үрдісін жақсартады, жалпы перифериялыққарсылығын төмендетіп, жүректің тамыр соғуын жеңілдетеді, қанның оттегі-тасымалдау қызметі мен ұлпаның оттегімен қанығуын арттырады, иммунды жағдайын қалпына келтіреді.