Бөлімшіде  25 хирургиялық және 20 травматологиялық төсек орын бар.хирургия

Соңғы екі жылда қазіргі заман талаптары мен медицинаның даму үрдістерін есепке ала отырып, жабдықтарға техникалық жаңғырту енгізілді. Лапароскопиялық жүйелер «Karl Storz», коагуляцияға арналған электрокоагуляторлар«Soring» фирмасының сатылып алынды. Заман талаптарына сай жарықпен жұмыс істейтін  операциялық блог қалпына келтірілді.  Бөлімшеде сүт безіне, тоқ шегіне, тамырлық, құрсақ қуысына  лапароскопиялық және «дәстүрлі ашық» операциялар жасалады. Өтқап тастарға лапароскопиялық, аяқ тамырларына, аяқ күре тамырларының варикозды ұлғаюына операциялар жасалады.  Жедел хирургиялық операция жасалынады.

Травматология профилі:

  • зерттеу - клиниқалык, лабораторлық, рентгенологиялық;
  • сүйектері сынуының остеосинтезі;
  • жарақаттарды жедел емдеу.
  • сынықтардың консолидациясынан кейінгі металлдан жасалған конструкцияларды алып тастау

   Урологиялық профилі:

    Бөлімше мынадай уронефрологиялық мәселелерді шешумен айналысады:

  • несептас ауруы;
  • зәр шығарудың бұзылуы кезіндегі аурулар; қуықасты безі аденомасы, қуықтағы тас;
  • варикоцеле (шоқтанған өрімді венаның варикозды ұлғаюы);
  • эректильді дисфункция (қауқардың әлсіреуі);
  • аталық без қабығы шемені, атабез қосалқысы жылауығы;
  • фимоз;
  • созылмалы простатит
  • жыныс жолы арқылы берілетін аурулар (хламидиоз, микоплазмоз, уреаплазмоз, гарднереллез және т.б.);
  • созылмалы және жіті цистит;
  • созылмалы пиелонефрит;

Дәстүрлі операциялар:

  • нефрэктомия;
  • қуықты катетірлеу
  • циркумцизия;
  • енбау венасы резекциясы;
  • аталық без қабығы шемені кезіндегі операция.