Балалар емханасында участкелік педиатрлер, балалар лор және окулист дәрігері, балалар невропатологі  қабылдайды және сау баланың денсаулығы, детская поликлиникарегидратация және ИВБДВ, емшара кабинеттері құрамына кіреді.

Қабылдауға келгенде кабинеттің номерлеріне назар аударыңыз.

Бейсембі күні – бір жыл толмаған балаларға арналған  қабылдау күні.
Уческелік бала дәрігерілері алдын ала жазусыз қабылдайды.

Ескерту! Дәрігер—мамандарының қабылдау кестесі осы анықтама телефонынан біле аласыз

4-18-90, 4-18-65.

Талдауларды (анализы) алу шарттары:

Биохимиялық қан талдауы(АлТ, ақуыз, билирубин, қант, холестерин т.б.), жұмыс күндері сағат 8-00-ден 9-00 қабылдайды.  Таудауларды алатын күні таңғы асты ішуге,  балаға  тәтті су және тәтті сусындарды ішкізуге болмайды (қан күре тамырдан алады).
Несеп және сарқынды талдауларды (несептің ортақ талдауы, құрт жұмыртқалары) жұмыс күндерінде 8-00 ден 9-00 дейін қабылдайды. Талдауларды контейнерлерде әкелу керек (көлемі 200-  ден мл аспау керек).

Клиникалық қанның талдауы осы уақытты қабылданады  08-00 ден  09-00 с.

Балалар емханасының регистратурасы  8 (72772) 4-18-90.

Жаңа емханаға бекітілу тәртібі

ҚР Үкіметінің Қаулысынасәйкес азаматтарды емханаға бекіту тұрақты немесе уақытша тұру орны, жұмыс, оқу орны бойынша дәрігерді, бір қала, кент шегіндегі медицина ұйымын еркін таңдау құқығын ескерумен жүзеге асырылады. Осылайша азамат емханаға тіркелу мекенжайы бойынша да, нақты тұратын мекенжайы бойынша да тіркеле алады.  

Тұрақты немесе уақытша қызмет көрсетуге арналған емхананы таңдауда бірінші кезекте оның сіздің үйіңізге орналасу жақындығын басшылыққа алу қажет. Емхана неғұрлым жақын болса, тек сіз ғана емес егер сіз үйге шақырған болсаңыз емдеуші дәрігеріңіз де тез жететінін естен шығармаңыз. Осы жерде дәрігерді үйге тек тіркелу орны бойынша жататын емханадан ғана шақыруға болатынын атап өтеміз.  

Сонымен сіз емхананы таңдадыңыз, енді оған қалай бекітілу керек? Бәрінен бұрын сол емханада қанша адамға қызмет көрсетілетінін және емхананың адамға толы, толы еместігін нақтылау қажет? Себебі сізге осы емханаға тіркелгендер санының шамадан тыс болуына байланысты бекітуден бас тартуы мүмкін. Ереже бойынша, емханаға бекіткенде алдымен тіркелу орны бойынша қатысты халықты тіркейді.

Екіншіден адам тек бір емханада ғана тіркеле алады, бірнеше емханада біруақытта тіркелу мүмкін еместігін білген жөн. Осылайша басқа емханаға бекітілу үшін алдымен бұрынғы емханадан бекітуден шығу керек. Бұл үшін емхана әкімшілігіне жүгініп, жеке куәлік немесе туу туралы куәлікті көрсету қажет. Бекітуден шыққанда сіз емхананы ауыстыратыныңыз туралы хабарлайсыз, сіздің амбулаторлық картаңызда ауысу туралы белгі жасайды, одан кейін сізге бекітуден шығу талонын және амбулаторлық картаны береді.

Басқа емханаға тіркелу үшін сізге мыналар қажет:

  • еркін түрде өтініш жазу;
  • баланың туу туралы куәлігінкөрсету;
  • бекітуден шығу талонын, амбулаторлық картаны және мекенжай анықтамасын тапсыру.

Егер сіз жалға алынатын пәтерде тұрсаңыз мекенжай парағының орнына сіз жалдау шартын ұсына аласыз, бірақ егер мысалы туысқандарыңыздың үйінде тұрсаңыз уақытша тіркелу қажет.

Азамат дәрігерді және емхананы еркін таңдауда  емханаға бекіту және бекітуден шығару жылына бір реттен артық емес жүзеге асырылады.

Азаматтардың емханаға тіркелу және тіркеуден шығу, дәрігерді таңдау тәртібі:

1. Азаматтың өзінің тандауымен (жылына 1 рет)

2. Тіркеу науқан кезінде (1 рет тіркеу науқанында)

3. мекен жайы ауысқанда