платное отделениеШЖҚ МКК «Қапшағай қалалық ауруханасы» 2010 жылдан бастап емханада және ауруханада ересектерге арналған ақы төлеп емдейтін  бөлімше жұмыс істейді.  Емханада ақы төлеп емдейтін функционалдық диагностика, ультрадыбыстық диагностика,  ал сонымен бірге ем-шара, терапевтің және басқа да мамандардын кабинеттері бар.

Ақылы қызмет бөлімшесінің амбулатория медициналық қызметтер тізімі:

  • Емханада және үйде, халыққа әр - түрлі білікті мамандандырылған дәрігерлердін медициналық көмек көрсетуі;
  • Шағын госпитализацияны талап етпейтін   амбулаториялық операциялар  (сүндет отырғызу, іріңді жарақаттарды жою, өскен тырнақты алып тастау, варикоцелді алып тастау және т.б.);
  • Қазіргі замандағы жоғары дәрежедегі ішкі ағзалар ультрадыбыстық тексерулер (УЗИ внутренних органов);
  • Жүйке жүйесінің, тірек-қимыл мүшелерінің және ішкі ағзалардын  ауруларын емдеу
  • «Андро-Гин» лазерлік-магниттік аппаратын пайдаланып ерлердін жыныс мүшелерінін ауруларын (простата қабынуы, еркектік әлсіздік, қуық безің ісігі ауру, шыжың) емдейді;
  • Жүкті әйлдерді есепке алып, босануға дейін жеткізу айырбастау картасымен декреттік демалыс қағаздарын беру;
  • Кольпоскопия;
  • Сәулелік диагностика

Стационарда ақылы қызмет бөлімшесі 15 төсек орыннан тұрады. Бір, 3 және 4 орынды палаталар бар. Палаталар кабельдік теледидар, тоңазытқыш, кондиционерлермен жабдықталған.

Емдеу ақылы бөлімшеде емдеушілердін еркімен және олардын тусқандарының  келісуімен ем қабылдайды.

Емдеушілерді Қолдау Қызмет: 4-18-65,  Ақылы медициналык кызмет көрсету бөлімшесі телефоны 4-05-98