Қазақстан Республикасының азаматтары ақысыз34945893336729a3

медициналық көмектің кепілденген көлемі

шеңберінде  дәрілік заттармен

қамтамасыз етілуге құқылы. 

Денсаулық сақтау саласындағы өкілетті орган негізгі дәрілік заттардың тізімін бекітеді. Тізім негізінде әрбір медициналық ұйым дәрілік формуляр құрып, азаматтарға көрінетін орындарда орналастырылады. 

Тегін таратылатын дәрілік заттарға медициналық ұйымның арнайы таңбасы қойылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары ақысыз медициналық көмектің кепілденген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен ұйымның бекітілген формуляры негізінде қамтамасыз етіледі.

1.жедел медициналық көмек көрсету кезінде

2.стационарлық, стационар орнын басатын медициналық көмек көрсететін, шипажайлық-курорттық емдеу жүргізетін медициналық ұйымдарда

Дәрілік заттар медициналық көмектің кепілденген көлемнен асып кетсе, төлемді негізде беріледі. 

Стационар нысанында үйде амбулаторлық және стационар орнын басатын медициналық көмек көрсету кезінде азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету былай жүзеге асырылады:
1.     ауру түрлерінің тізімі мен халықтың жеке санаты үшін ақысыз және жеңілдік жағдайындағы нұсқаулық бойынша
2.     
толық бағасы үшін 

Дәріханалық ұйымдар дәрілік заттарды бөлшектеп жүзеге асырады:
1.дәрігерлердің нұсқаулығы бойынша
2. нұсқаулықсыз 

Алыстағы ауылдық мекендерде дәріханалық ұйымдар жоқ болса, дәрілік заттар ақысыз және жеңілдік жағдайында бірінші медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар арқылы таратылады.

Ақысыз және (немесе) жеңілдік нұсқаулығы бойынша дәрілік заттар алу үшін мыналар қажет:

1.     жеке куәлік
2.     ауру баланың туу туралы куәлігі (немесе оның нотариалды бекітілген көшірмесі)

Туберкулезбен ауыратын азаматтар туберкулезге қарсы мекемелер арқылы туберкулезге қарсы дәрілік заттармен амбулаторлық емдеу кезінде тегін қамтамасыз етіледі.

Стационарлық және оның орнын ауыстыратын орындарда (емханалардың күндізгі стационарлары) көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі аясындахалықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету медициналық ұйымдардың емдеу формулярларына сәйкес жүргізіледі.

Емдеу формулярлары қаланың медициналық ұйымдарының ақпараттық стендтерінде көрсетілген.

Амбулаторлық деңгейде көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі аясында халықты тегін және льготалық қамтамасыз ету үшін емдік заттар мен медициналық құралдар Тізімінің негізінде амбулаторлық деңгейде препараттар тегін беріледі, емделуші тіркелген жергілікті амбулаторлық-емханалық ұйым дәрігерінің рецепі бойынша жүзеге асырылады (бұдан әрі - Тізім). Барлық медициналық препараттар және дәрілер тегін берілмейтінін атап өткен жөн. Мемлекеттен қандай дәрілерді алуға болатыны, қандайын алуға болмайтыны – ҚР ДМ бұйрығыменбекітілген халықты тегін қамтамасыз етуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрілік құралдардың арнайы тізімінде анықталған. Егер сізге керек препарат аталған тізімде болмаса, онда оны тек ақылы негізде ғана сатып ала аласыз.

2014 жылдан бастап Тізімге өзгертулер енгізілді. Өзгертулер Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 12.12.2013ж. №726 (ҚР ДМ 04.11.2011ж. №786бұйрығына өзгертулер енгізу) бұйрығымен бекітілді.

рецептер жазу 1 ай ем алу үшін жеткілікті көлемде беріледі; тұрақты ағымы бар созылмалы ауруларды емдеу үшін жатып емдеу ережелерін науқастар сақтаған жағдайларда 3 ай мерзімге дейін дәрілік заттарды беруге жол беріледі; 3 ай да 1 рет арнайы маман қарауынан өту қажет;

ҚР ДМ бұйрығына сәйкес барлық жаңа туған балалар медициналық қораптармен қамтамасыз етіледі. Ананың жағдайына байланысты бала өмірінің алғашқы жылдары ана сүтін алмастырғыштар беріледі. Аталған алмастырғыштар сондай-ақ күндізгі оқу нысанындағы студенттерге де беріледі. 0 ден 5 жасқа дейінгі балаларға тегін дәрілер мынадай ауруларда тиісті: асқынған фарингит, бронхит, тонзиллит, жеңіл дәрежелі пневмония және темір тапшылығындағы анемия, рахит. Әлеуметтік қорғанбаған халық тобына 18 жасқа толмаған балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, мүгедектер, «Алтын алқа», «Күміс алқа»-мен марапатталған көпбалалы аналар, зейнеткерлер жатады.

Диспансерлік есепте тұратын ересек халыққа тегін дәрілер келесі аурулар болғанда беріледі:

аорто-коронарлық шунттау және стенттеуден кейінгі, жүректің жармақшаларын протезделген науқастар;жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА);артериялық гипертензия;созылмалы жүрек функциясының жетіспеушілігі (СЖЖ); аритмия; пневмония; бронхиалды астма; өкпенің созылмалы обструктивті ауруы; асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы; Крон ауруы және тән емес колит; миастения; эпилепсия; психикалық; балалар церебралды сал ауруы; Паркинсон ауруы; қант диабеті; қантсыз диабет; онкология; ағзалармен тіндерді ауыстырып қондырғаннан кейінгі жағдай; ревматоидты артрит; ювенильді артрит; жүйелі қызыл жегі; остеоартроз; гипотиреоз,  гипопаратиреоз, иреотоксикоз; акромегалия; гепато–церебралды дистрофия; фенилкетонурия; гемофилия; АИТВ-инфекциясы/ЖИТС; туберкулез; вирусный гепатит В и С; кистозный фиброз (Муковисцидоз); мукополисахаридоз; Гоше ауруы; реналдық анемиямен созылмалы бүйрек функциясының жетіспеушілігі; ауто-иммундық аурулар, оның ішінде миастения және иммун тапшылығы жағдайы; гемобластоздар мен апластикалық анемияны қамтитын гематологиялық аурулар; гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулар; шашыраңқы склероз; онкология.

Мемлекеттен қандай дәрілерді алуға болатыны, қандайын алуға болмайтыны –ҚР ДМ бұйрығымен бекітілген халықты тегін қамтамасыз етуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрілік құралдардың арнайы тізімінде анықталған.

Осы бұйрықтарында көрсетілген:
Қ
Р ДМ № 726 бұйрығы (.rar 651 kb)

ҚР ДМ № 726 бұйрығына қосымша (.rar 92 kb)

ҚР ДМ № 786 бұйрығы (.rar 39 kb)

ҚР ДМ № 403 бұйрығы(.rar 25 kb)