Қаланың және біздің тарихымыз:история

1253-55 жылдар аралығында ІХ Людовиктің сенімді өкілі, француз монахы Гильом де Ребрук христиандықты насихаттау мақсатында Моңғолияға сапар шегеді. Сапар барысында ол өзі жүріп өткен елді-мекендер мен аймақтарға сипаттама бере отырып, жолда «үлкен өзен кездескенін және одан өту үшін қайықты қолдану керектігін» айта кеткен. 1858 жылы қазақтың белгілі ғалымы әрі саяхатшысы Шоқан Уәлиханов өзінің жолсапар күнделігінде: «Іле өзенінің өткелі... Албан руының қазақтары.., түбі жалпақ қайық арқылы жүзеге асырады» деген сөздерді жазады. Ал 1871 жылы верныйлық инженер-құрылысшы В.А.Фишер ескі Құлжадан Ілеге дейін қайықпен саяхат жасайды, аз уақыттан соң оның бұл саяхатын Жетісу аймағын көркейту жөніндегі әріптесі Иван Козелло-Покровский қайталайды.

1853 жылы топограф Сонин Іле өткелі мен «Іле өзенінің арғы жағында» бекініс құрылысын бастау үшін орын таңдайды. Өткелде қызмет ету және күзету үшін хорунжий Лаптевтің бастамасымен 40 жауынгер мен казактан тұратын гарнизон жасақталды.

Іле өзенінде су станциясын салу идеясын көп адамдар ойластырған. Алайда алғаш рет бұл идеяны белгілі қазақ энергетигі, ғалым, ғылымдар Академиясының президенті, академик Ш.Ш.Шокин 1942 жылы жарық көрген «Іледегі Қапшағай СЭС-ң технико-экономикалық көрсеткіштері» атты кітабында негіздеді. 1963 жылдың көктемінде Іле ауылынан 12 км қашықтықта Ертістегі әйгілі Бұқтырма суқоймасының құрылысын енді ғана аяқтап келген алғашқы құрылысшылар тобы әкелінді. Құрылыс туралы жазбалардағы екі датаны ерекше атауға болады: 1969 жылдың 29 қыркүйегі, жергілікті уақыт бойынша сағат 4-тен 15 минут кеткенде Іле өзені бөгетпен бөгелсе, дәл осы жылдың 26 желтоқсанында суқойманы сумен толтырудың алғашқы кезеңі жүзеге асты.

1969 жылдың 29 шілдесінде салынып жатқан СЭС іргетасының алғашқы бетон шаршы метрін құю рәсімі өтті. Д.А.Қонаев іргетастің астына асыл металлдан жасалған, арнайы жазу жазылған символикалық тақтаны орналастырды. 1970 жылы Іле ауылын су басып, ол жасанды суқойманың түбіне батып кетті, 5 мыңнан астам адам жаңа Новоилийск ауылына көшірілді.

1970 жылдың 3 шілдесінде Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңес Президенті Жарлығымен Алматы облысы, Іле ауданы, Новоилийск ауылы облыс қарамағындағы қалалар категориясына жатқызылып, оған «Қапшағай қаласы» атауы берілді.

Ежелгі түрік тілінен аударғанда «Қапшағай» сөзі «тас шатқал», «шатқал» деген мағынаны береді. Бұл терминнің пайда болуына қатысты жоңғар шапқыншылығы кезеңінен бастау алатын тағы бір нұсқа бар. Қазақ қолбасшысы Қаптағай батыр өзеннің дәл осы тұсынан өтпекші болып, оның арнасын құмы бар қапшықтармен бөгемекші болады.

Іле ауылы болған кезде онда Іле аудандық ауруханасы орналасқан. 1959 жылдан 1966 жылға дейінгі аралықта онда бас дәрігер болып Парфенов Марк Тимофеевич қызмет атқарған. Одан соң 1967-1974 жылдар аралығында Ким Матвей Федорович бас дәрігер болған.

Қапшағай ауруханасының бүгінгі ғимараты 1974 жылы салынып, 1974 жылдың 1 мамырынан бастап жұмыс жасап келеді. Ол уақытта Қапшағай аудандық ауруханасы Іле ауданы тұрғындарына қызмет көрсеткен (Боралдай ауылы емханасы, Қарасу а. Дәрігерлік амбулаториясы, Чапаевка а. ФАБ-і, Екпінді, Николаевка ауылының сүт асханалары, Іле, Қаскелең, Дмитриевка кеңшарларының бөлімшелік ауруханалары). Өтеген батыр кентіндегі Іле аудандық ауруханасы қолданылуға беріліп, қызмет ете бастаған соң, Қапшағай аудандық ауруханасы «қалалық» деген атауға ие болды. Ондағы төсек-орын қорында бұрын 450 төсек болған. Аурухана басшылығында түрлі жылдарда Нигай Григорий Андреевич, Бунин Михаил Алексеевич (1974-1979), Маковеев Владимир Михайлович (1979-1983), Абдрахманов Николай Шаяхметович, Баймуханова Гульнара Балтабаевна, Мусин Жанайдар Ермекович, Ахметтаев Кайрат Нураханович секілді мамандар тұрған.

Аурухана тарихында жұмыс атқарғандар:

Хирургия  бөлімінде: Измайлов Алексей Макарович,  дәрігер- хирург Байжунусов Эрик Абенович, дәрігер- хирург Ким Матвей Федорович, дәрігер – уролог Чернораенко Евгений Николаевич, Власенко Валерий Иванович, Дурнева Инна Федоровна, дәрігер- хирург Писарев Олег Григорьевич, сосудистый хирург Бибиков Николай Иванович, дәрігер- уролог Салима Абдыкадыровна, дәрігер- уролог Рашиктаев Николай Николаевич, дәрігер травматолог Баймуханов Нурлан Омирзакович,  дәрігер- травматолог Черепанов Евгений Николаевич.

Перзентхана бөлімінде:

Курмангалиева Назипа Камаевна, Жакупова Роза Жилкибаевна,  Нуркина Сауле Темирхановна, Кетбаева Ултай Даулбековна, Попова Надежда Павловна, Федулова Елена Михайловна, Сидранская  Наталья, Перепелицына Лидия Павловна, Панова Изабелла Анатольевна, Нехаева Ирина Евгеньевна, Касымова Саида Уалиевна.

Реанимация бөлімінде:

Ли Валентин Алексеевич, Кащеева Ирина Анатольевна, Дурнева Нина Федоровна, Питова Людмила Ивановна, Абрамухина Светлана Ивановна, Тронев Владимир,  Абдуланов Мади, Муратбеков Марат Сарсекович, анестезистка Пак Зинаида Валентиновна.

Терапия бөлімінде:

Наврезова Галина Алиевна, Переверзева Анна Федотовна, Еремеева Жанна Владимировна, Батырбекова Клара  Бейсенбиевна, Марьянская Галина Федотовна, Караваева Валентина Алексеевна, Оганесьян Владимир Шавашович, Кутикова Зауреш Тургалиевна, дәрігер - невропатолог - Сапаргалиева Сая Фазылахметова, Кожахметов Абитай Уалиевич, кардиолог Караваев Александр. 

Аурухана дәріханасында:

провизора: Красноштанова Нина Николаевна,  Есимова Аманкуль Молдабековна, Ермакова Людмила Петровна, Майсак Нелля Гавриловна.

 

Балалар бөлімінде:

Абитова Людмила Муратбековна, Дубинина Джульета Абрамовна, Джансеитова Галия Джансетовна, Кошепова Людмила Павловна, Бибикова Наталья Павловна, Абдуланова Жанна Ахметшариповна, Махан Бейсенбаевна, Курмангалиева Назипа Калиевна.

Инфекция бөлімінде:

Мясникова Инесса Андреевна, Рафиков Гаиржан Таирович, Евсеев Геннадий Александрович, Тайбеков Талгат Тайбекович.

Фтизио қызметі:

Имангалиев Мэлис Жуматаевич, Батырханов Орынтай Батырханович.

Тері- венерологиялық қызметі:

Комарова, Корнев Николай Афанасьевич

Рентген қызметі:

Миллер Виктор Петрович, Гуров Геннадий Александрович, Куприенко Елена Анатольевна.

Паталогонатомиялық қызметіПавленко Андрей Дмитриевич.

Бас мейірбике:

Байдулова Гульжахан Асылбаевна, Касенова Сара Касеновна

Физио бөлімінде::

Евстегнеева Лариса Афанасьевна, Щербина Надежда Ивановна.

Зертханасында:

Островерхова Людмила Афанасьевна, Клинкова Нейля Нажиповна

Біздің миссиямыз

Қолжетімді, қауіпсіз және сапалы медициналық көмек көрсету.

Маңызды құндылықтар:

Құрмет – емделушілерді қадырлеу және адамдарды құрметтеу.

Жауапкершілік – биік стандартты емдеу қағидаларын, емделушілер мен ұжымның ішіндегі қарым қатынастарды биік деңгейде сақтау.

Айқындық– жеке қызметкелер мен  ұжымның жұмыстарындағы адалдық, айқындық, парасаттылық.

Профессионализм – ауруды биік нәтижелі дәрежеде емдеуде және ШЖҚ на МКК «Қапашағай қалалық аурухана» - сының ұжымының өнегелі табыстарға жетуіне, өздерінің білімі мен  тәжірибелерін тұрақты дамыту арқылы   барлық мүмкіндігін бағыттау.

Құрмет - дәрігердің емделушіге құрмет көрсетуі, емделушінің дәрігерге сенімі, силаушылығы мен құндылығын түсінуі.

Аурухананың мақсаты мен міндетті

Бекітілген аймақтағы емделушелерге  жоғарғы  сапалы алғашқы медицина-санитарлық, жедел жәрдем, мамандандырылған дәрігерлік көмектерді, бәсекіге түсе алатын  нарықтық мемлекеттік және дербес дәрігерлік қызметтерді көрсетуді үйымдастыру.

«Қапашағай қалалық аурухана»-сында Қапшағай аймағындағы елді мекендердегі емдеулешелерге Республика бюджетінен берілетін Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде алғашқы медико-санитарлық, Республика Қазахстан тұрғындарына келесі профильдер бойынша: травматологиялық, хирургиялық, гинекологиялық, терапиялық, неврологиялық, педиатриялық тұрақты мамандырылған медициналық көмек көрсетіледі және де ақылы негізінде де көрсетіледі.