рентгенологияВильлельмом Конрадпен Рентген  1895 жылы  рентген сәулесін ашқаннан бергі уақыт рентгенология ғылымы көптеген клиникалық пәндерді байытты, олардың дамуына жол ашты, шипагерліктің ең тиімді тактикасын жаңартуға мүмкіндік тудырды. Сәуле арқылы зерттеудіңәдістері қосымша фармокологиялық шығын немесе медициналық амалдар  жұмсамастан-ақ, қызықтырған нысанның суретіне қол жеткізуге мүмкіндік береді, көптеген аурулардың  диагнозын қоюда шешуші маңызға ие. Рентгенологиялық зерттеу рентген – маталарының негізінде сәулелерініңәр түрлі дәрежеде ағзаныңқатпарларына енетін қасиетіне негізделген. Бөлімше әлемдік стандарттарға сәйкес келетін аса жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Рентген кабинет «Italray - Klinomat », «REX (525)», «Актюб- рентген», «Agfa», «Alfa-ST»айрықша сапалы сандық диагностикалық рентген аппараты орнатылған.

Бөлімшеде  ұтқыр рентген аппараты бар. Сонымен қатар әр түрлі органдардың және жүйелердің кемістіктеріне қатысты рентгендік диагноз қою үшін керек өзге де заманауи жабдықтар бар.

Бөлімшеде рентгенологиялық зерттеулердің мынадай түрлері  орындалады:

  • Сүйектер  мен буындардың рентгенографиясы;
  • асқазанның және ішектің рентгеноскопиясы барий извесі арқылы қарама-қарсы түстер туғызу жолымен;
  • ирригоскопия - жуан ішекті контрасты  зерттеу;
  • экскреторлық урография - бүйректерді және зәр шығаратын  жолдарды зерттеу;
  • сандық флюорозерттеу
  • сүт бездерінің сандық рентген зерттеу