взрослая поликлиникаАурухана құрамына сонымен бірге бір ауысымда 500 адам қабылдайтын ересектер емханасынан, 300 адам қабылдайтын балалар емханасынан, 150 адам қабылдайтын әйелдерге кеңес беру, жедел жәрдем бөлімшесінен (Қапшағай қаласындағы және Шеңгелді ауылындағы ДА), 3 дәрігерлік амбулаториядан (Шеңгелді, Заречное, Кербұлақ) және 5 медициналық бекеттен тұратын (Қосқұдық, Арна, Сарыбұлақ, Ақөзек, Шолақ) қалалық емхана кіреді. Емханадағы медициналық көмек көрсету сағат 08:00-20:00 аралығында жүзеге асады. Ересектер емханасында учаскелік терапевтер, уролог дәрігер, травматолог дәрігер, хирург, онколог, психиатр, нарколог, көз дәрігері, лор-дәрігері, невропатолог, жасөспірімдер дәрігері, акушер-гинеколог. Балалар емханасында учаскелі педиаторлар, балалар лор-дәрігері және көз дәрігері, балалар невропатологы қабылдауды жүзеге асырады. Балалар емханасында екпе жасау кабинеті бар. ШЖҚ «Қапшағай қалалық ауруханасы» МКК БМСК көрсету аясында шамамен 60 000 тұрғынға қызмет көрсетеді. 45 орынға лайықталған күндізгі стационар қызмет етеді. Оның ішінде ересектерге 20 төсек орын, Шеңгелді ауылына 15 төсек орын, Заречное ауылына 10 төсек орын. Амбулаторлық хирургия орталығы бар (онда барлық шағын оталар жасалады). «Сусамыр», «Денсаулық», «Артериалды гипертония», «Ана мектебі», «Дені сау бала мектебі» деп аталатын мектептер жұмыс жасайды.

Емханалардағы медициналық қызмет көрсету өзгермелі кесте бойынша сағат 08.00-20.00 аралығында жүзеге асады.

Анықтама телефондары: тіркеу бөлімі 8 (72772) 4-11-70, емхана меңгерушісі 8 (72772) 4-78-20, балалар емханасының тіркеу бөлімі 8 (72772) 4-18-90, Шеңгелді ДА 8 (72772) 71-2-83, Заречный ДА 8 (72772) 3-51-40, Сары Бұлақ МБ 8 (72772) 73-3-53, Кербұлақ ДА 8 (72772) 73-0-56, Сенім телефоны, емдеушілерді қолдау қызметі: 8 (72772) 4-18-65. Call center 88000808828  Талдыкорган қаласы, қоңырау тегін.

Жаңа емханаға бекітілу тәртібі

ҚР Үкіметінің Қаулысынасәйкес азаматтарды емханаға бекіту тұрақты немесе уақытша тұру орны, жұмыс, оқу орны бойынша дәрігерді, бір қала, кент шегіндегі медицина ұйымын еркін таңдау құқығын ескерумен жүзеге асырылады. Осылайша азамат емханаға тіркелу мекенжайы бойынша да, нақты тұратын мекенжайы бойынша да тіркеле алады.  

Тұрақты немесе уақытша қызмет көрсетуге арналған емхананы таңдауда бірінші кезекте оның сіздің үйіңізге орналасу жақындығын басшылыққа алу қажет. Емхана неғұрлым жақын болса, тек сіз ғана емес егер сіз үйге шақырған болсаңыз емдеуші дәрігеріңіз де тез жететінін естен шығармаңыз. Осы жерде дәрігерді үйге тек тіркелу орны бойынша жататын емханадан ғана шақыруға болатынын атап өтеміз.  

Сонымен сіз емхананы таңдадыңыз, енді оған қалай бекітілу керек? Бәрінен бұрын сол емханада қанша адамға қызмет көрсетілетінін және емхананың адамға толы, толы еместігін нақтылау қажет? Себебі сізге осы емханаға тіркелгендер санының шамадан тыс болуына байланысты бекітуден бас тартуы мүмкін. Ереже бойынша, емханаға бекіткенде алдымен тіркелу орны бойынша қатысты халықты тіркейді.

Екіншіден адам тек бір емханада ғана тіркеле алады, бірнеше емханада біруақытта тіркелу мүмкін еместігін білген жөн. Осылайша басқа емханаға бекітілу үшін алдымен бұрынғы емханадан бекітуден шығу керек. Бұл үшін емхана әкімшілігіне жүгініп, жеке куәлік немесе туу туралы куәлікті көрсету қажет. Бекітуден шыққанда сіз емхананы ауыстыратыныңыз туралы хабарлайсыз, сіздің амбулаторлық картаңызда ауысу туралы белгі жасайды, одан кейін сізге бекітуден шығу талонын және амбулаторлық картаны береді.

Басқа емханаға тіркелу үшін сізге мыналар қажет:

  • еркін түрде өтініш жазу;
  • баланың туу туралы куәлігін көрсету;
  • бекітуден шығу талонын, амбулаторлық картаны және мекенжай анықтамасын тапсыру.

Егер сіз жалға алынатын пәтерде тұрсаңыз мекенжай парағының орнына сіз жалдау шартын ұсына аласыз, бірақ егер мысалы туысқандарыңыздың үйінде тұрсаңыз уақытша тіркелу қажет.

Азамат дәрігерді және емхананы еркін таңдауда  емханаға бекіту және бекітуден шығару жылына бір реттен артық емес жүзеге асырылады.

Азаматтардың емханаға тіркелу және тіркеуден шығу, дәрігерді таңдау тәртібі:

1. Азаматтың өзінің тандауымен (жылына 1 рет)

2. Тіркеу науқан кезінде (1 реттіркеу науқанында)

3. мекен жайы ауысқанда

Созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару бағдарламасы

Қауіп-қатер факторларының жоғары таралуы Қазақстанда да созылмалы инфекциялық емес аурулардың жоғары таралуын қалыптастырды. Осы аурулар, сондай-ақ, жарақаттар, кездейсоқ оқиғалар және уланулар Қазақстан халқының аурулар құрылымы мен өлімін басқарады.

Осылайша, СӨСҚ ҰО 5-ші ұлттық зерттеудің (2012 жылы) мәліметтері бойынша ҚР ересектерінің арасында алкогольді артығымен тұтыну деңгейі 5,0%, ҚР ересектері арасында темекі шегудің таралуы 26,5%, ҚР ересектері арасында артық дене салмағы - 31,2%, ҚР ересектері арасында көкөністер мен жемістерді тұтыну - 32,7%, ҚР ересектері арасында жаттығуды орындамайтындар - 64,5% тең. ҚР балалары мен ересектер арасында алкогольді тұтынуының таралу деңгейі 6,4%, балалар мен жас өспірімдердің арасында темекі шегудің таралуы 6,7% құрайды.

Профилактикалық іс-шараларды, скринингілік зерттеулерді профилактикалауды күшейту, негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау, емдеуді және оңалтуды жетілдіру Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осыған орай, Ұлттық скринингілік бағдарламаны дамыту жалғасуда. Оны одан әрі жүзеге асыру еліміздің экономикасына аурулар мен мерзімінен бұрын болатын өлімінен тура және жанама шығындарды қысқарту түріндегі елеулі үлес енгізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына сәйкес медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсартуға және саламатты өмір салтын жүргізу үшін ынталандыруға бағытталған азаматтардың денсаулығын нығайту саясатын жүргізу арқылы адам капиталының сапасын арттыру қажет.

Азаматтардың өз денсаулығы үшін жаппай жауапкершілігі тетігін енгізуді Ауруларды басқару бағдарламасы (бұдан әрі - АББ) арқылы жүзеге асыру керек, оны іске асыру пациенттердің өзіндін менеджментін, өзін-өзі бақылауды ұстануын күшейтеді және медицина қызметкерлерінің СИЕА емдеудегі қорытынды нәтижесі үшін жауапкершілігін арттырады.

Осыған орай, пациенттердің қазіргі емдеудің әдістері мен қағидаттарының мақсаты мен міндетін түсіну, сондай-ақ дәрігердің емдеудің дұрыс нұсқасын таңдауы мен саламатты өмір салтын сақтау емделуді ұстануды арттырудың маңызды шарты болып табылады. Пациент пен дәрігердің бірлескен әріптестігі ғана оң нәтиже береді және пациенттердің емделуді ұстануын қамтамасыз етеді, бұл практика, ғылыми зерттеулер мен өмірдің өзі дәлелдегендей емдеу ағынының болжамын жақсартуға, пациенттердің еңбекке жарамды өмірін жақсартуға және ұзартуға септігін тигізеді.

Қазіргі таңда пациенттердің медицина қызметкерлерінің тағайындаунын орындауға өзін-өзі бақылауын күшейту мен өзіндік менеджментін жақсарту, күнделікті жазбаларын жүргізу үшін СИЕА басқару үдерісінің кешеніне дәрі-дәрмектік емес әдістер де кіреді: өмір салтын өзгерту, физикалық жүктемені күшейту, темекі шегуден бас тарту, артық дене салмағын қалыпқа келтіру, тұзды пайдалануды шектеу және тағы басқалары.

2013 жылғы 5 сәуірден бастап созылмалы инфекциялық емес ауруларды пилоттық өңірлерде - Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында басқару бағдарламасы енгізілді.

Пациенттерге ақпараттық/лекциялық сабақтар өткізу ретінде мынадай:

- жағымсыз әдеттердің (темекі шегу, алкоголь) денсаулыққа жағымсыз әсері туралы;

- салмақ тастау (артық салмақ/семіздік) туралы;

- дұрыс және жақсы тамақтану туралы (құрамында калидің жоғары және натридің төмен, майдың аз, көкөністер мен жеміс-жидек көлемінің жеткілікті болуы);

- тұрақты дене белсенділігі туралы бағыттар бойынша жұмыс жүргізу қажет.

Коммуникацияның медицина персоналының (дәрігер мен мейіргердің) арасындағы негізгі құралы пациенттің медицина қызметкеріне тұрақты қолжетімділігін қамтамасыз ететін ұялы байланыс және/немесе қалалық телефон арқылы байланыс болып табылады.

Телефондық коммуникацияның негізгі мақсаты емдеуді түзету немесе өздік бақылау күнделігі, чек-парақ және т.б. үшін қажетті көрсеткіштердің мониторингі мәселелері бойынша консультация алу болып табылады.

Мобильді коммуникацияны дамыту және белсенді қолдау:

- пациенттердің көптеген көлеміне сапалы қызмет көрсетуді ұсынуға;

- созылмалы аурулары бар пациенттер асқынған немесе нашарлаған жай-күйлерінің санын төмендетуге;

- пациенттердің медицина мекемелеріне бармай-ақ медициналық қызметтерді алуына мүмкіндік береді.