Науқастарға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған мединалық көмек РК клиникаларында қажет болса, осы ақпаратқа көңіл бөліңіздер!

Егер Сізге диагноз койылған кезінде және Сізге мамандандырылғанжәне жоғары мамандандырылған мединалық көмек РК клиникаларда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемішенің бірінде қажет болса, сізге емдеуге жатқызу бюросының порталына жолығуға болады.

         Анықтама телефондары:

Емделуге жатқызу бюросының  жауапты қызметкері Атчиева Бейбитгуль Турганбекқызы 

8 (72772) 4-55-21

 

Медициналық көмек сапасын және сараптама бақылау бойынша директордың орынбасары Таубалдиев Ермахан Нұрмаханбетұлы телефон 8 (72772) 4-42-95

Ана мен бала сақтау  жөніндегі директордың орынбасары Онгарова А.Н.8  (72772) 4-23-86

Емдеу жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары Имангалиев К.Н. 8 (72772 ) 4-59-35

 

Пациентті жоспарлы емдеуге жатқызу үшін ҒЗИ, ҒО және республикалық клиникаларға жолдау кестесі

Мысалы:  Негізгі тексерудің талдаулары жатқызуға керек болатын әрбір  медицина  мекемесінде (ҒЗИ, ҒО, РК ауруханасында) өзіндік талдауларының  тізімі дері бар (емделуге жатқызу бюросынан сұрау керек):

1.    жалпы қан талдауы (толық түрі)
2.    жалпы несеп талдауы
3.    Флюорография
4.    Микроәдіс (микрореакция)
5.    Электрокардиограмма сипаттасымен
6.    Биохимиялық қан талдауы (зәр қышқылы, несепнәр, креатинин, ақуыз, альбумин, қант, АлаТ, АсаТ, билирубин жалпыжәне оның фракциялары)
7.    Коагулограмма (протромбиновый индекс, тромбоциттер, тромбин уақыты, фибриноген, МНО, этанол тест)
8.    ФГДС
9.    ИФА бауырының вирустық аурулары А,В,С маркерлары (HbsAg, Anti-HCV)  – болымды нәтиже боған кезінде, ПЦР қан тапсыруға қажет, инфекционистпен  келісу керек  (талдаулардын мерзімі 3 ай)
10.   Аяқ тамырларының УДДГ (тамырларға операция жасайтын кезінде, тамыры ауруларының болған кезінде)
11.   АИВқан талдауы (талдауылардын мерзімі 6 ай)
12.    Қан тобы және резус фактор
13.    Терапевтің қорытындысы (толық) 
14.     отоларинголог дәрігер, стоматолог кенесі (операция болған жағдайда)
15.     гинеколог кенесі (әйелдерге)
Анализдердін мерзімі 10 күн аспауы тиіс (госпитализация уақытта)!!!


Операция алдында қосымша диагностикалық шаралар өтү керек: 
•    ЭхоКГ (айғақтар бойынша)
•    Басқа мамандар ілеспе аурулар болғанда (қорытындысымен)
•    Талдаулар және тексеру өткеннен кейін өзгерістер табылса,  емдеу мезгілі өткен соң,  науқасты қайта тексеру қажет.

     Емдеуге жатқызу бюросының негізгі мақсаты – азаматтардың медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын, Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберіндегі жоспарлы госпитализацияның қол жетімдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

Емдеуге жатқызу бюросының порталы ол – науқас адам алдағы үш күнге республиканың кез келген стационарындағы бос төсек орындар  туралы ақпарат алатын  интернет-ресурс(https://bg.eisz.kz/Login.aspx) болып табылады. Егер науқас дәрігерден емделуге жату үшін  код қойылған жолдама алып қойған болса (емдеуге жатқызу талоны немесе «квота»), ол республика өңірлері және республикалық клиникалар бойынша ағымдағы кезек парақтарын қарап, өз кезегін қадағалай алады.

Стационарға жоспарлы түрде жатқызу тәртібі

Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу ол–көрсетілімдер (анықталған жағдайда) болған жағдайда, созылмалы аурулар және жедел дәрігерлік араласуды талап етпейтін өмірге қауіпсіз жағдайларда дәрігердің науқас адамды емдеуге жолдауы. Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу порталы арқылы бірнеше күн ішінде науқастың медициналық ұйымды таңдауына байланысты іске асырылады.

Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу үшін қажетті жағдайлар:

1. Тіркелген мекен-жайы бойынша дәрігерге бару;

Науқас адам дәрігерге жүгінген жағдайда емдеуші дәрігер оны қарап, ауруды нақтылау үшін қажетті зерттеулерді толық көлемде өтуді жазып береді.

2. Поликлиника жағдайында минималды көлемде (қажеттілері) зерттеулерден өту.

Емдеуші дәрігер стационар бөлімшесінің меңгерушісімен бірігіп емдеуге жатқызу қажеттілігі туралы шешім қабылдайды. Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер анықталған жағдайда, науқас адам медициналық ұйымды таңдауы тиіс. Науқас өз таңдауын емдеуші дәрігермен келісуі қажет. Емдеуге жатқызу қажеттілігі туралы шешім қабылданған жағдайда, дәрігер жолдаманы рәсімдейді (науқастың медициналық ұйымды таңдау бойынша шешімі міндетті түрде ескеріледі). Жолдамада емдеуге жатқызу коды мен күні көрсетіледі. Осыдан кейін науқас туралы мәліметтер Емдеуге жатқызу порталында тіркеледі. 

3. Дәрігер науқас туралы мәліметтерді емдеуге жатқызу бюросының порталына енгізіп,  науқастың қолына «Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу талонын» береді, талонда науқастың коды көрсетіледі. Осы код бойынша науқас https://bg.eisz.kz/Login.aspx сайтында өзінің жоспарлы түрде емдеуге жатқызу кезегін бақылай алады, сондай-ақ стационардағы бос орындар туралы ақпарат алады. Мәліметтер құпия болып табылады.

4.  Порталда өтінім тіркелгеннен кейін 2 күн ішінде стационар емдеуге жоспарлы түрде жатқызу күнін белгілейді.

5.  Емдеуге жатқызу күні белгіленгеннен кейін дәрігер науқасқа жоспарлы түрде емдеуге жатқызу жолдамасын береді. Науқас жолдаманы емдеуші дәрігерге барып өзі алады немесе үйге жеткізуді сұрайды.

6.  Емдеуге жатқызуды күткен мерзімде науқас емдеуші дәрігердің бақылауында болады. Науқасты үздіксіз бақылау міндетті болып табылады.

7.  Науқас таңдалған медициналық ұйымға белгіленген күні келуге міндетті.  Аяқасты бір жағдайлар болып қалған кезде (басқа ауыр дерттің болуы, жол жүру, билеттердің болмауы т.б.) аймақтық дәрігерді уақытында хабардар ету қажет. Науқас медициналық ұйымға келмеген жағдайда өтінімнің күші жойылады.

Стационарға жоспарлы түрде жатқан кезде науқас адамның қолында келесі құжаттар болуы тиіс:

  • жеке куәлік;
  • барлық талдаулар мен диагностикалақ зерттеулердің қорытындылары;
  • емдеуге жатқызу талоны;
  • науқасты жоспарлы түрде емдеуге жатқызу үшін жолдама берген медициналық ұйым басшысының қолтаңбасы қойылған  және мөрі соғылған жолдама.

Құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда емдеуге жату мүмкін емес екендігін ескерген жөн, стационар науқасты емдеу үшін қабылдамауға құқылы!

Ескерту: 

Тегін медициналық көмектің кепілді көлеміндегі қызметтер тегін көрсетілуі тиіс.

Пациентті жоспарлы емдеуге жатқызу үшін ҒЗИ, ҒО және республикалық клиникаларға жолдау кестесі

Шұғыл түрде госпитализациялау өз кезегінде кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсететін, жағдайды бағалайтын және бағдары стационарға госпитализациялай алатын жедел жәрдем шақырылған жіті шұғыл жағдайларда жүргізіледі.

Жоспарлы госпитализациялау 2009 жылғы 21 желтоқсандағы «Ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде стационарға жоспарлы госпитализациялауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» №860 бұйрыққа сәйкес созылмалы аурулар, кезек күттірмейтін араласуды қажет етпейтін асқынулар кезінде жоспарлы түрде жүзеге асырылады:

1. Стационарлық көмек көрсетуші денсаулық сақтау ұйымына (бұдан әрі – стационар) жоспарлы госпитализациялау пациенттің АМККК шеңберінде медициналық ұйымды таңдау құқығын есепке ала отырып жүзеге асырылады.
2. Стационарға госпитализациялауға жолдаманы медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) медициналық ұйымы рәсімдейді.
3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен белгіленген ұйым (бұдан әрі – Госпитализациялау бюросы) АМККК шеңберінде стационарға жоспарлы госпитализациялау шарасын мына жолдармен жүзеге асырады:

МСАК ұйымдарының мамандарымен госпитализацияға жолданғандар мен госпитализациялаудан бас тарту және стационардағы бос төсек-орындар туралы деректер арқылы төсек бағдарлары шамасында «Жоспарлы госпитализациялау регистрі» персонифицирленген деректер базасын құру (бұдан әрі – Регистр);

МСАК ұйымдары ұсынатын және стационарлар ұсынатын бос төсек-орындар бойынша стационарлық көмекке мұқтаж науқастар туралы деректерге сәйкес жоспарлы госпитализациялау мониторингін республикалық және аймақтық деңгейде өткізу;

Қазақстан Республикасы аумағында жоспарлы госпитализациялау үрдісінің қатысушылары арасында әрекеттестікті қамтамасыз ету.

Жоспарлы госпитализациялауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар

1.    Стационарға госпитализациялау.

2.    Науқас жүгінген кезде МСАК ұйымының емдеуші дәрігері науқасты қарауды, ауруды диагностикалау және клиника-диагностикалық,  аспаптық және рентгенологиялық зерттеулер сияқты емдеу амалдары мен мамандар кеңестерін жүзеге асырады.

3.    Қажетіне қарай емдеуші дәрігер бөлім меңгерушісімен біріге отырып, науқасты стационарға госпитализациялау мәселесін шешеді.

4.    Науқасты госпитализациялау шешімі қабылданған кезде МСАК ұйымының маманы мынаны орындайды:

4.1. МСАК ұйымының статистикалық қызметі бөлімінен пациент таңдап алған аймақтағы стационарлар шамасындағы бос орындар туралы Регистр дерегін сұратады;
4.2. Тіркеу және мониторинг үшін Госпитализациялау бюросына электрондық және қағаз/факс тасымалдағышта госпитализациялауға мұқтаж науқас туралы деректер жолдайды;
4.3. Бос бағдарлы төсек-орын болған кезде дәрігер нөмірі мен кодын көрсете отырып, жолдаманы рәсімдейді;
4.4. Науқас таңдап алған бос төсек-орын болмаған жағдайда МСАК ұйымының дәрігері науқасқа бос төсек-орны бар басқа стационарды таңдауын ұсынады;
4.5. Науқас ұсынылған стационардан бас тартқан жағдайдадағы дәрігердің әрекеті:

4.5.1. науқастың таңдап алған стационарында жоспарлы госпитализациялануды күтуі қажет екендігін хабарлайды;
4.5.2. жоспарлы госпитализациялаудың күту парағына тіркеу үшін науқас туралы деректі электрондық және қағаз тасымалдағышта Госпитализациялау бюросына жолдайды;
4.5.3. жолдаманы Күту парағының код нөмірі мен госпитализациялаудың күні бұрын күнін белгілей отырып жолдаманы рәсімдейді;
4.5.4. Госпитализация бюросы:

4.5.1.1. МСАК ұйымымен жолданған науқасты госпитализациялау күнін растауды шұғыл түрде жүзеге асырады;
4.5.1.2. госпитализациялауға мұқтаж науқасты тіркеуді жүзеге асырады және әр науқасқа код нөмірін береді;
4.5.1.3. госпитализациялауға жолданған науқастардың тізімін күн сайын стационарға жолдап отырады;
4.5.1.4. күту парағына науқасты және қозғалыс мониторингін тіркеуді жүзеге асырады;
4.5.1.5. МСАК ұйымдарына күн сайын стационар  шамасындағы бос төсек-орындар және аймақ бағдары, сондай-ақ республикалық клиникаларға да өтінім бойынша мәліметтерді жолдайды;
4.5.1.6. госпитализациялауды күтіп жүрген науқастарды күні бұрын құлақтандыру үшін күн сайын МСАК ұйымдарына Күту парақтарын жолдайды;
4.5.1.7. МСАК ұйымының статистика қызметінің бөлімі науқастың коды бойынша науқасты уақтылы құлақтандыру үшін Күту парағын бақылап отырады;
4.5.1.8. госпитализацияны күту күнтізбелік он күннен асатын болса және зертханалық зерттеулердің күні ескіріп қалатын болса, науқас МСАК ұйымдарында жалпы клиникалық зертханалық зерттеулерді қайталай жасауы керек;
4.5.1.9. Орынның  болмауы себепті госпитализациялаудан бас тарту жағдайларын болдырмау үшін МСАК ұйымы Госпитализация бюросымен бірге күн сайын стационарға жолданған науқастарды госпитализациялау күндерін салыстырып отырады. Госпитализациялау күнінде өзгерістер болғанда науқас құлақтандырылып отырады;
4.5.1.10. жоспарлы госпитализациялаудың мониторингі үшін МСАК ұйымы стационарлық емдеуге жолданған барлық науқастарды тіркейді.

Пациент медициналық көмектен бас тартқан жағдайда МСАК ұйымы бұл жөнінде науқасты Кезек парағынан алып тастау үшін Госпитализация бюросын ескертеді.