Денсаулық - бұл аурудың немесе мүгедектіктің болмауы ғана емес, толық физикалық, психикалық және әлеуметтік салауаттылық жағдайы.

Салауатты өмір салты – аурудың алдын алу және денсаулықты нығайту мақсатындағы жеке адамның өмірі. Сонымен қатар, бұл дұрыс тамақтану, дене шынықтыру және жаман әдеттерден бас тарту арқылы денсаулықты жақсартуға және сақтауға бағытталған адам өмірінің тұжырымдамасы. Бұл туралы бүгін Қонаев қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ –да өткен «Жұқпалы емес ауруларды алдын алу» әлеуметтік маңызы бар жобасы аясында «Денсаулығыңызды күтіңіз - өміріңізді басқарыңыз» ақпараттық-түсіндіру науқанында Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының алдын-алу бөлімінің мамандары мен аурухана дәрігерлері түсіндіру жұмыстарын өткізді. Бұл жобаның ұйымдастырушылары Алматы облысының денсаулық сақтау Басқармасы, «Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы» және «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының бірлестігі» ММ біріге ұйымдастырғанын науқан.
Сонымен қатар, науқан аясында, Қонаев қаласының тұрғындарының қандағы қант мөлшері анықталып, қан қысымы өлшенді. Тұрғындар іс-шараға қатысқан дәрігерлермен кеңесіп үлгерді. Өз кезегінде көмек алған азаматтар денсаулықтарына қамқорлық жасаған мамандарға алғыстарын білдірді. «Дене шынықтыру – денсаулықты нығайтудың маңызды құралдарының бірі. Тіпті шағын күнделікті 20 минуттық гимнастика үлкен пайда әкеледі. Гимнастика, жеңіл атлетика, ашық ауада ойнау жүрек-қан тамырлары жүйесіне, өкпеге, тірек-қимыл аппаратын нығайтуға өте пайдалы. Жүгіру жүйке және эндокриндік жүйеге оң әсер етеді. Жаяу жүру салмақ жоғалтуға көмектеседі. Жылдам жүрудің 1 сағатында 35 грамға дейін май тіндері күйіп кетеді деп есептеледі. Салауатты өмір салтын ұстануды қарт адамдар да ұмытпауы қажет. Егде жастағы адамдарда физикалық белсенділіктің жеткіліксіздігінен семіздік дамиды, метаболикалық аурулар артады, қант диабеті қаупі артады, асқазан-ішек жолдарының қызметі бұзылады. Бұл жаста физикалық белсенділікті мөлшерлеп, жасына сай жасау керек екенін есте ұстаған жөн», - дейді емханадағы "Салауатты өмір салты" кабинетінің маманы Назгүл Жанұзақова.
Сондай-ақ, мамандар зиянды әдеттерден бас тартуға және уақытылы скринингтік тексеруден өту бойынша ұсыныстар берді. Өйткені, әр адамның денсаулығы өз қолында!

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының
баспасөз қызметі