Дәл қазіргі уақытта Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері Марат Сәрсекұлы Мұратбеков Ресей Федерациясында В.А. Алмазов атындағы жетекші көпсалалы ғылыми-клиникалық және ғылыми білім беру медициналық орталығында «Көпбейінді стационардағы қарқынды терапия» циклы бойынша біліктілігін арттыруда. Аталған орталықта жыл сайын 36 мыңнан астам адам заманауи медициналық көмек алады екен. Орталық - медицинаның әртүрлі салаларында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін, сонымен қатар жоғары технологиялық көмек көрсететін алаң болып табылады.
Дәрігер тәжірибені заманауи тыныс алу аппараттарымен, өмірді бақылау жүйелерімен, инфузиялық жабдықпен, терапияның экстракорпоральды әдістеріне арналған жабдықтармен жабдықталған анестезиология және реанимация бөлімдерінде өтуде. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының жансақтау бөлімшесі де осындай қондырғылармен жабдықталған.
Дәрігердің айтуынша, бөлімше ұжымы – өз ісін жетік меңгерген, ауыр жағдайда түсетін науқастарға жоғары деңгейде ем жүргізе алатын кәсіби мамандар. Гематология, трансфузиология, кардиология, хирургия, онкология, клиникалық фармакология бойынша мамандандырылған жансақтау бөлімшесі - оқу базасы болып табылады.
Марат Сәрсекұлы, сәттілік серігіңіз болсын!


Сізді Қонаев қаласында күтеміз!

@auruhana_qonaev

full 2023 08 13 192638