Ақ халаттылар өте ауыр жарақат алған облыс орталығының тұрғынының өмірі үшін бірнеше күн күресті. Білімді, тәжірибелі, шыдамдылық пен күш-жігерді ту еткен дәрігерлердің жанқиярлық еңбегінің нәтижесінде науқас аман қалды. Бүгін де ол үйіне оралуға дайын.

   Екі аптадан астам уақыт бұрын Қонаев қаласының тұрғыны травматикалық субарахноидальды қан кетумен медициналық мекеменің жансақтау бөлімшесіне түсті. Оған дәрігерлер қысқа уақыт ішінде компъютерлік томография арқылы зерттеу жүргізді. Бұл диагнозды медициналық жабдықтың жоғары сезімталдығына байланысты тез анықтауға мүмкін болды.
   Бүгін науқас және оның туыстары алған әсерлерімен бөлісіп қана қоймай, күн сайын жансақтау бөлімшесінің жұмысын жеке қадағалауға алған емдеу мекемесінің директоры Ракишева Айман Галимжанқызына алғыстарын жаудыртты. Сондай-ақ, ақ халатты абзал жан, дәрігер-реаниматолог Қанат Исабекұлы Рахимовқа жылы лебіздерін жеткізді: «Біз, туысымызды емдеу кезінде, жансақтау бөлімшесінің ұжымының қандай болатынын түсіндік. Өте керемет ұжым. Баршаңызға, әсіресе, бауырымыздың аман қалуы үшін ерекше «тер төккен» дәрігер-реаниматолог Қанат Исабекұлына мың алғыс! Бұл еңбек дәрігердің ерекше төзімділігінен, мамандығына деген адалдығынан құралған! Сізге тек қана сәттілік, құрметті дәрігер!».

full 2023 08 13 191834