Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының мамандары арасында алкогольден, есірткіден және де басқа зиянды әдеттерден келетін зардап мәселелері күн тәртібінде тұр. Алматы облысында бүгінде 2752 адам «Д» есебінде тіркелсе, оның 2483-і ресми түрде маскүнем, ал 269-ы - нашақор екен. Ақпаратқа сүйенсек, 220-сы - Қонаев қаласының тұрғындары. Тәуелділіктен зардап шегетін адамдардың «белсенді» жасы да анықталған - бұл 30-дан 50 жасқа дейінгі азаматтар.

   Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда маскүнемдер мен нашақорлар саны азаймай тұр, керісінше, артып келеді. Азаматтар синтетикалық есірткіні ауызға ғана емес, иіскеп, тамырға егіп, тіпті тік ішек арқылы да қабылдайды. Олардың қорқынышты нашақор кейпіндегі «өмірлерінің» басында, өздерінің есірткіге тәуелді болмайтындарына сенімді болатындары ерекше алаңдатады. Бірақ бірнеше ай өткеннен кейін, адам танымастай өзгеруі мүмкін. Қоғамның ең үлгілі өкілдерінің өзі заңсыз есірткімен танысқаннан кейін алдау, ұрлық, сатқындық жолына түседі.

Мінездің нашарлауы байқалады. Қолдану неғұрлым ұзақ және қарқынды түрде жалғасса, соғұрлым нашақор моральдық тұрғыдан нашарлайды. Құрметті Қонаев қаласының тұрғындары! Жасы мен әлеуметтік жағдайына қарамастан кез келген адам нашақорлық тәуелділігінің тұтқындығына түсуі мүмкін. Егер сіздің отбасыңыз есірткімен күресуге мәжбүр болса, онымен жалғыз күресудің қажеті жоқ. Дереу арнайы мамандарға хабарласыңыздар.

   Қонаев қалалық көпсалалы қалалық ауруханасының баспасөз қызметі