Бүгін, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының алдын-алу бөлімінің қызметкерлері, әйелдер кеңесінің акушер мамандарымен бірлесіп отбасын жоспарлау, Қонаев қаласы мен аймағының тұрғындарының репродуктивті денсаулығын қорғау мәселелері бойынша «Ашық есік күнін» өткізді.
Жастардың денсаулығын сақтау орталығының мамандары Жанұзақова Назгүл Бейсембекқызы, психолог Жексембаева Жазира Есекенқызы, әлеуметтік қызметкер Байбосынова Қымбат Маралқыз емхананың фойесінде тұрғындарға «Ақпарат бұрышын» ұйымдастырды, ал, әйелдер кеңесінің мамандары жоспарланбаған жүктілікті алдын-алу маңыздылығы және контрацепциямен қамтуды арттыру жайында әңгімелесіп, маңызды ақпарат берді.
Сонымен қатар, қала тұрғындары бұл күні қандарындағы қант мөлшерін және қан қысымдарын өлшеуге мүмкіндік алды.