Бүгінгі күні Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының бас мейірбикесі Тұрсынова Айжан Серікқызы ақ халатты абзал жан болуды кішкентай кезінен бастап армандағанын жасырмайды. Сол кездің өзінде, бойжеткен өз таңдауын жасап үлгерген екен және одан бір сәтке де айнымаған. «Тек алға!» - бұл жас, бірақ қазірдің өзінде талай жетістікке жеткен маманның ұраны.
Айжан Серікқызының жеткен жетістіктеріне барлығы қуанады, дегенмен мейірбикенің басты жанкүйерлері Дархан мен Әлихан атты екі ұлы екен. Күнде таңертең олар аналарына сәтті жұмыс күнін тілеп, міндетті түрде құшақтап сүйеді. Айжан Серікқызының сөзіне сүйенсек, оның алдағы жұмыс күні табысты да жемісті болуы үшін балаларының қолдауы өте маңызды.
Бүгін Айжан Серікқызы және емдеу мекемесінің бүкіл медбикелер ұжымы өздерінің кәсіби мерекесі – Халықаралық мейірбике күнін атап өтті. Бас мейірбикемен бірге маңызды датаны мекеменің үш жүзден астам мамандары қуанышпен қарсы алды. Оларға мерекелік концерт ұйымдастырылды, дегенмен жүректен шыққан және ең қуанышты сәт: студенттік шағында, оқудан тыс уақытта мейірбике болып жұмыс істеген, емдеу мекемесінің директоры Ракишева Айман Ғалымжанқызының құттықтау сәті болды. Өйткені аурухана директоры бұл мамандықтың қаншалықты қиын және төзімділікті талап ететінін біледі.
Бүгін аурухана ұжымы мейірбикелерге жылы сөздерін толассыз жаудырды. Олар науқастардың игілігі үшін жемісті еңбек және денсаулық тіледі. Естен кетпес концерт ұйымдастырып, шоумендермен мерекені әрлендіре түсті.
Америка Құрама Штаттарында мейірбикелер медициналық жүйенің соғып тұрған жүрегі болып саналады екен. Керемет сөздер және біз ол сөздермен толықтай келісеміз!
Іс-шараға мекемеде талай жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан мейірбикелер де қонаққа шақырылып, сыйлықтар табысталды.
Мерекелеріңізбен, құрметті мейірбикелер!

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі