Жуырда, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының хирург-дәрігері Тұрарбеков Асқар Маратұлы Алматы облысы деңгейіндегі ауруханаларға ғана тән – диафрагманың өңеш тесігінің грыжасын алу отасын сәтті жасады. «Арнайы тексерулерден кейін грыжаны хирургиялық жолмен алып тастау керек екендігі белгілі болды» - дейді Асқар Маратұлы тілшілерге, - ол өте үлкен еді: асқазанның үштен бір бөлігінде және кеудеде де болды, науқас айтарлықтай айқын белгілерін сезініп, денсаулығының сыр бергенін айтып шағымданды.
Мұндай науқастар Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының дәрігерлерінің тәжірибесінде кездесіп, ертерек Алматы қаласына, ірі емдеу мекемелеріне ота жасауға жіберілетін.
Бүгінгі таңда, ауруханада тәжірибелі хирург-дәрігері және қажетті құрал-жабдықтардың барлығы бар болғандықтан,
жоғарыда айтылған ота түрлері сәтті орындалуда.
Науқас бірнеше күннен кейін ауруханадан үйіне шығарылды.
Біраз уақыт бұрын ғана мұндай оталар дәстүрлі жол - кесу арқылы жасалатын. Енді лапароскопиялық әдіс сәтті қолданылуда.
Біздің аурухананың дәрігерлері хирургиялық күрделі ауруларды емдеудегі жетістіктері үшін қуаныштымыз.

Ота жасалған науқас Қонаев қаласы және жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарына жасалған тамаша мүмкіндіктер үшін аурухана басшылығына шексіз алғысын білдіреді.

Баспасөз қызметі