Сіз қатерлі ісік скринингінің не екенін білесіз бе?
Қатерлі ісік скринингі – ісік белгілері жоқ адамда қатерлі өсінді іздеу және алдын-алу болып табылады. Мұндай сынақтар, кейбір жағдайларда, қатерлі ісіктің көптеген түрлерін толығымен емдеуге болатын ерте кезеңде ауруларды анықтауға көмектеседі. Науқаста шағымдардың пайда болуы қатерлі ісіктің өсуі мен таралуын, демек, науқас үшін болжамның нашарлауын көрсетуі мүмкін. Сонымен қатар, скринингтік зерттеулер онкологиялық аурулардан болатын өлімді азайтуы болып табылатынын естен шығармаңыздар!
Қонаев қалалық ауруханасында РАК скринингінен өту МҮМКІНДІГІН жіберіп алмаңыздар!
Ең көп көңіл келесі зерттеулерге бөлінеді:
Колоректальды қатерлі ісікке скрининг;
Жатыр мойны обырына скрининг;
Сүт безі қатерлі ісігінің скринингі және т.б.
Өкінішке орай, соңғы кездері жастар да онкологиялық дертке шалдығулары жоғарлағандығынан, 18 жастан бастап тексеру жүргізіледі. Яғни, бір жылы жұп жылдарды, екінші жылы тақ жылдарды скринингтен өткізу қарастырылған.

auruhana-qonaev