«Рухани керуен» жобасы шеңберінде екпеден бас тартқан ата – аналармен жүргізілген жиналыс туралы.
Алматы облысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында тұңғыш рет «Рухани керуен» жобасы бастау алып, 2017ж. 05.09. – 03.11. аралығында облыстың 13 ауданын аралап, арнайы іс – шаралар өткізді. 
Рухани керуен жобасы шеңбернде дін істер басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті және денсаулық сақтау басқармасының жауапты мамандарымен «Денсаулық - болашақ кепілі!» тақырыбында діни себептермен екпеден және қан құюдан бас тартқан ата – аналар, діни бірлестіктер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 
Сонымен қатар жеке көзқарас, вакцинаға сенбеуі және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жағымсыз ақпараттар бойынша екпеден бас тартқандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы медициналық ұйымдар, мектеп, балабақшалардың медициналық қызметкерлерімен жиналыстар өткізілді. Жиналыста облыстық консультативтік топтың мүшелерімен иммундаудың тиімділігі және маңыздылығы, иммундаудың жетістігі, топтық иммунитеттің мағлұматы, екпеден бас тартудың зияны туралы баяндалды. Дін істер басқармасының теолог маманымен шариғатқа сәйкес екпеден бас тартудың негізсіздігі, қоғамға пайдасы бар саланы шариғаттың құптайтыны туралы баяндама жасалды. 
Жиналыс соңында қатысушылардың пікірлері тыңдалып, ата – аналардың сұрақтарына жауап берілді.