Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін 25-жылдығын мерекелеу қарсаңында жалпы республикалық акция аясында «Тәуелсіз Қазақстан» поезді»  Қапшағай өніріне 2016 жылы 13 желтоқсан күні келді. Қапшағай қаласының  тұрғындарының қабылдауы МҚК ШЖҚ Қапшағай қалалық ауруханасында сағат 10.00 бастап –17.00 дейін болды.

Ақцияның мақсаты Тәуелсіздік жылдары ішінде елдің жетістіктерін көрсету, «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеяны насихаттау, халық бірлігін нығайту, медициналық тексеріске мұқтаж тұрғындарды арнайы тексерістерден өткізу.