Ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы еліміздегі  іргелі істермен айшықталып, сәт сайын жақындап келеді.

    Бұл — мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді.

   «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» Қазахстан  Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасында көрсетілгендей, Мемлекеттің бүкіл тыныс-тіршілігінің негізі тәуелсіздік болып табылатынын ұстанған жөн. Нақ Тәуелсіздікті нығайту – барлық мемлекеттік органдар қызметінің негізгі мағыналық өзегі.
      Сонымен қатар, бұл өте маңызды құндылық. Мемлекет және еліміздің әрбір азаматы Тәуелсіздікті сақтау үшін бар күш-жігерін жұмсауға тиіс. Мұның мәнісін ашу үшін барша қоғамның жұмысы қажет дегендей айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал МҚК ШЖҚ  «Қапшағай қалалық ауруханасы  егемендігіміздің ширек ғасырлық мерей тойына  әзірлікті бастаптта кетті.

     Ауруханада өткізген  мерекелік күнге арналған шараларды тізбектеп берсек таусылмас, сондықтан кейбірлерін аттап кеткенін жөн көрдім.Қазақстанда 1 наурыз Алғыс айту күні болып жарияланды, соған орай ауруханада ашық есік  ұйымдастырылды. Бұл күні  ардагерлер одағы мүшелері шақырылып соларға арнайы концертік бағдарлама жасалып, фуршет өткізілді, медбике мен дәрігер әр ардагердің қан қысымын өлшеп медициналық кеңес берді.

     Аталмыш мерей тойға арнап тазалық іс-шара бірнеше рет өткізілді.

Қыркүйек айында  Қапшағай қалалық ауруханасында  "Шын жүректен - Алғашқы көмек" атты акция өткізілді. Ауқымды шараға мүгедектер одағының төрағасы және одақ мүшелері қатысты. Осы іс-шараға белсенді қатысқаны үшін Салықова Ляззат Иманғалиқызына алғысымызды білдіреміз. Мақсатымыз әр жағдайда халыққа  жедел-жәрдем келген дейінгі уақытта қандай көмек көрсету керек екенін  дәрігерлеріміздің  анықтап түсіндіруі болды.

 «Дұрыс қарым-қатынас- денсаулық кепілі» атты   бала мен ата-аналар арасында  ауқымды семинар- тренинг  ұйымдастырылып ойдағыдай өтті.

Ауруханамыздың алдын ала емдеу  бөлімшесі қазан айында "Қос қанат жетісу" бірлестігі, жерлік білім бөлімімен бірлесе отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсаттында «Дені сау жастар» атты фестивалін №2 Орта мектеп гимназиясында  қалалық мектептер оқушылар  арасында  ұйымдастырды.

Ауруханамызда ауқымды түрде "Қос қанат Жетісу" бірлестігімен бірге "ДЕНСАУЛЫҚ" атты Акция жүргізілді. Аурухана науқастары дәрігерлерден кезексіз кенестер, ақпаратты-материалдар алып алғыстарын білдірді.

Қазан айының соңғы апталығында  флюра-қозғамалдық көлігі арнайы мамандарымен Заречный, Шенгельді, Арна, Қосқұдық аймақтарын шарлап халқына қызметтін көрсетті.

 Салауатты өмір салтын калыптастыру мақсатында Қапшағай қалалық емханасының алдын ала емдеу бөлімі, қапшағай і мектептері және колледждері бірлесіп  жұдырықтай бірігіп әр-түрлі іс-шараларды  өткізу үстінде.

2006 жылы 29 қазан Дүниежүзілік инсультпен күрес күні болып жариялағандығына орай, инсульттің  алдын алу және қауып төндіретін факторларын нәсихаттау мақсатында  ШЖҚ МКК «Қапшағай қалалық ауруханасында» осы жылдың қазан айының  27 –де «Ашық есік» күні   ұйымдастырылып,  халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 Қапшағай қалалық ауруханасында айтулы мерекенің дайындықтары мұнымен шектелмейтіндігі айқын. Жоспар бойынша, егемендіктің ширек ғасырлық мерей тойын  тойлайтын жылда ауруханамызда  түрлі шаралар ұйымдастырылмақ.

 

 

МЖҚ МКК «Қапшағай қалалық ауруханасы»

Алдын ала емдеу бөлімшесінің меңгерушісі

Жанұзақова Н.Б.