СКРИНИНГ – бұл қауіпті факторларды және ауруды ерте сатысында анықтау үшін белгілі бір жастағы сау тұлғаларды алдын ала медициналық тексеруден өткізу. Бұл  шаралар емдеу тиімділігін  арттыруға және асқынудың алдын алуға мүмкіндік  береді.
Скринингтің көлемі мыналарды қамтиды:

  • антропометриялық өлшемдер (бойы, дене салмағы, белдің шеңбері);
  • артериялық қысымды өлшеу;
  • нысаналы топтарға байланысты зертханалық және аспаптық зерттеулер өткізу

Скринингтен өтуге мына топтар жатады:
25, 30, 35, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жастағы әйелдер мен ерлердің қанындағы холестерин мен глюкозаның деңгейін анықтау; электрокардиография - айғақтары бойынша; кардиологта, эндокринологта, қаралу - айғақтары бойынша;
40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы адамдардың көзішілік қысымын өлшеу;

Әйелдерге 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жаста патологиялық өзгерістерді болдырмау үшін жатыр мойнының сүртіндісін цитологиялық зерттеу;
акушер-гинекологқа, айғақтар бойынша кольпоскопиялық қаралу;
50, 52, 54, 56, 58 және 60 жаста сүт бездерін рентгенологиялық зерттеу (маммография);  маммологқа, айғақтар бойынша онкологқа қаралу;
50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 и 70 жастағы ерлер мен әйелдер:
жуан және тік ішек ауруын ерте анықтауда нәжісті жасырын қанға тестілеу;
хирургке, проктологқа, гастроэнтерологқа қаралу; айғақтар бойынша - жуан және тік ішекті эндоскопиялық зерттеу.
әйелдер мен  ерлер вирусты және вирусты емес этиологиялы бауыр циррозымен ауырғандар,  қанды альфа-фетопротеинге зерттеу,
бауырға ультрадыбыстық зерттеу өткізу.
Бұл зерттеулер ерте сатыда жүрек-қан тамыр ауруларын, қант диабетін, глаукоманы, оның қауіп факторларын, сондай-ақ дертпен күресу қиын болмағанда гепатитті және аса қауіпті асқынуларды: инсульт, инфаркт, зағиптық, цирроз және бауыр обырын анықтауға мүмкіндік береді
.

Қазақстанда скрининг тегін медициналық көмек кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кіреді.
Скрининг Сіз тіркеуде тұрған медициналық ұйымдарда өтеді.
Егер Сізді скринингке шақырса - өтіңіз!
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы

ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН өтуі тиіс!
Өз денсаулығыңызға жауапты болыңыз!

скрининг на каз